Исламофобияның салдарынан Франциядан білімді мұсылмандар көші-қоны артты
(last modified Fri, 12 Jul 2024 11:33:47 GMT )
Шіл 12, 2024 17:33 Asia/Almaty
  • Исламофобияның салдарынан Франциядан білімді мұсылмандар көші-қоны артты

Франциядағы исламофобияның күшеюі француз мұсылман дарындарының көші-қонының артуына әкелді.

 

Франция Еуропадағы ең көп мұсылман халқының отаны болғанымен, бұл елдегі кемсітушілік пен исламофобияның күшеюі көптеген мұсылмандардың эмиграциялауға мәжбүр еттіPars Today агенттігінің хабарлауынша, жаңа зерттеуге сәйкес, Франциядан кеткен әрбір 10 мұсылман дарындарының жетеуінен астамы исламофобияның күшеюін өз елін тастап кетудің басты себебі деп жариялаған.

Профессор Оливье Эстевес басқаратын Лилль университеті жүргізген зерттеуде: "Жоғары білімді мұсылмандардың көп бөлігі Франциядан Ұлыбритания, АҚШ, Канада және Біріккен Араб Әмірліктеріне кетіп жатыр",- деп көрсетілді.

Француз саясаттанушысы және адам құқықтарын қорғаушы Ясер Луати "Анадолы" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында дін бостандығының жоқтығы мұсылмандардың   Франциядан кетуіне себеп болғанын айтты.

Францияда исламға қарсылық пен мұсылмандарға қарсы қысымның күшеюі тенденциясы соңғы жылдары күшейді. Эммануэль Макрон президенттігі кезінде бұл шектеулер мұсылмандар мен ислам орталықтарына қарсы көптеген заңдардың қабылдануымен бірге бұл елдегі мұсылмандардың өмірін екі есе қиындатып жіберді.

2022 жылдың ақпан айында Франция үкіметі осы елдің мұсылмандарын француз мәдениеті мен қоғамымен үйлестіру және экстремизммен күресу талабымен «Францияның Ислам ассамблеясы» деп аталатын жаңа ұйымның құрылғанын жариялады. Макронның Франциядағы исламды әлсірету жөніндегі ауқымды әрекеттерінің бір бөлігі болып табылатын «Франция Ислам Ассамблеясының» құрылуымен «Франция мұсылман дінінің кеңесі» деген атпен жұмыс істеген бұрынғы мекеме таратылды.

Макронның көзқарасы мен әрекеті қоғамдағы дінге және діни көріністерге қарсы белсенді күресуге шақыратын «агрессивті зайырлылыққа» негізделген. Негізінен Франция үкіметінің исламға деген көзқарасы оңды емес. Осыған байланысты ол исламға қарсы бағыттағы кез келген әрекетті, соның ішінде мектептерде және қазір Олимпиада ойындарында исламдық хиджабқа тыйым салуды қолдайды.