Иран Президенті АҚШ басшыларын жауапқа тартуды сұрады
https://itolqyn.com/news/iran-i41563
ИИР Президенті АҚШ басшылары мен Иранға қарсы санкцияларды жобалаушыларды адамзатқа қарсы қылмыстары үшін айыптау қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 18, 2019 15:21 Asia/Almaty
  • Иран Президенті АҚШ басшыларын жауапқа тартуды сұрады

ИИР Президенті АҚШ басшылары мен Иранға қарсы санкцияларды жобалаушыларды адамзатқа қарсы қылмыстары үшін айыптау қажеттігін қуаттады.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани жексенбі күні Бушеһр облысының әкімшілік кеңесінде сөйлеген сөзінде: «АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларымен қарсыласу арқылы оларға жолдарының қате екендерін түсіндіру керек. Дәрі-дәрмек пен азық-түліктің халыққа жетуіне кедергі келтірушілер – қылмыскерлер. Сондықтан Сот АҚШ басшылары мен санкцияны жобалаушылардың  адамзатқа қарсы қылмыстарын заңға сай зерттеген соң олар халықаралық соттарда айыпталады»,- деді.

ИИР Президенті АҚШ пен сионистік репжимді Иран халқының дұшпандары деп атап: «Дұшпандардың жасап жатқан қиындықтары мен қысымдарына қарамастан Иран халқы дамуын жалғастырады»,- деді.