Рухани: Иранның дұшпандары еш уақытта мақсаттарына жетпейді
https://itolqyn.com/news/iran-i41575
ИИР Президенті Рухани дұшпандардың исламдық Иранға соққы беру үшін барлық мүмкіндігін пайдаланып отырғанын, бірақ еш уақытта өз мақсаттарына жетпейтінін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 19, 2019 16:47 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның дұшпандары еш уақытта мақсаттарына жетпейді

ИИР Президенті Рухани дұшпандардың исламдық Иранға соққы беру үшін барлық мүмкіндігін пайдаланып отырғанын, бірақ еш уақытта өз мақсаттарына жетпейтінін қуаттады.

Хасан Рухани кеше дүйсенбі күні Үкімет отырысының соңында журналистерге берген сұхбатта: «Америкалықтар Теһранға оралып, халықты билегісі келеді, бірақ Иранның күрескер халқы дұшпанға мұндайға рұқсат бермейді»,- деді. Рухани америкалықтардың еш дәлелсіз «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иранға қарсы ең қатаң санкцияларды салғанына тоқталып: «Дұшпандар санкцияларды жалғастырып, Иранға ораламыз деп ойлайды. Қуанышқа орай, олар мақсаттарына жете алмайды»,- деді. Иран Президенті АҚШ-тың   адамзатқа қарсы қылмыстарына да сілтеме жасап, Теһранның Иранға салған санкцияларына қатысты шағым түсіретінін мәлімдеді.