Ғасеми: Иранға қарсы күнделікті өтірік айту – сионистердің әдеті
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми сейсенбі күні кешке сионистік режимнің Иранның бұл режим басшыларының ұялы телефондарын бұзу туралы уәждерін теріске шығарып, Иранға қарсы күнделікті өтірік айтуды сионистердің әдеті деп атады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Баһрам Ғасеми: «Сионистер мен америкалықтар дұшпандық білдіріп, Ираннан үркіту саясатын таратып, өздерінің айтуы бойынша, Иранға әртүрлі салада қатты қысым жасап отыр. Израиль мен АҚШ өтірік айтуымен бірге үгіт-насихат құралдарын пайдаланып, әлемдегі кез келген оқиғаны Иранмен байланыстыруға күш салуда»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сондай-ақ, Иранның Аустралия Парламентінің жүйелеріне хакерлік шабуыл жасауы туралы уәждерді теріске шығарып: «Бұл өтірік – технология саласындағы Иранның заңды мүмкіндіктеріне қарсы психологиялық соғыстың келесі бір бөлімі»,- деді.
Америкалық зерттеу компанияларының бірі Иранда орналасқан хакерлер Аустралия Парламентінің жүйелерін бұзды деген уәж айтқан болатын.