Еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мәселесінде арқадан қанжар салды
(last modified Fri, 22 Mar 2019 16:02:01 GMT )
Нау 22, 2019 22:02 Asia/Almaty
  • Еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мәселесінде арқадан қанжар салды

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бейсенбі күні хиджри шамси күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың бірінші күні имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінде жиналған зияратшылардың алдында маңызды баяндама жасап, жаңа жылдағы мәселелер, Батыс үкіметтерінің Иранға қатысты әрекеттері, экономика мен өндірісті дамыту тақырыбына тоқталды.

Ислам революциясының жетекшісі сыртқы саясат пен Батыстың болмысын анықтау деген ерекше маңызды тақырыптарға баса назар аударды. Ислам революциясы жетекшісінің сөзінде қозғалған мәселелердің бірі экономикалық қуаттылық пен экономикалық тұрақтылықтың тұрақты кезеңіне жету үшін қажет  жол картасын анықтауы болды. Аятолла Хаменеи бұл мақсатқа жетуді батыстықтардың көмегіне үміттенуді тоқтатумен байланыстырып: «Тарихи тәжірибелер мен батыстықтардың әрекеттеріне шолу жасау олардан қастықтар мен қылмыстарды және арқадан қанжар салуды күтуге болатынын көрсетті. Біз олардың көмегін, адалдығы мен қолдауын күтпеуіміз керек»,- деді. Діни жетекшінің сөзінде қуатталған келесі маңызды мәселе Ислам республикасы мен Батыс үкіметтерінің қарым-қатынасы болды. Хазірет халықты үнемі қоқан-лоққымен қорқытатын адамдарды біле тұра немесе білмей Иран дұшпандарының психологиялық соғысының ықпалына түскендер деп атап, өткен 1397 жылдағы дұшпанның қастандықтарына тоқталып: «Америкалық жоғары лауазымды ақымақтарының бірі «егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықсақ, Иран тіпті нан сатып ала алмай қалады, көшелеріндегі бүлікке куә болады» деді. Келесі бірі: «Біз 2019 жылдың басталуын Теһранда тойлаймыз» деген болатын. Бұл сөздер – ақымақтықтың немесе психологиялық соғыстың, болмаса екеуінің де белгісі»,- деді.  

АҚШ-тың зерттеу және стратегиялық орталықтарының көбінің пікіріне сәйкес, Иранға қарсы соғыстың пайдасы жоқ. Өйткені, АҚШ Иранға қарсы соғыс ашса, ол ұзаққа созылып, нәтижесі АҚШ-тың мүддесіне сай болмайды. АҚШ-тың танымал стратегтерінің бірі Марк Балмер «Иран-Америка: жаңа тәсілдеме» деген мәлімдемесінде: «Иран енді әскери бүлік немесе «қатты» соғыс арқылы құлата алмайтын теңдессіз құдыретке айналды.  Ислам республикасы жүйесін құлату үшін «жұмсақ» соғыс механизмі мен ақпарат құралдарының соғысы доктринасын пайдалану арқылы психологиялық тактикаларды табу қажет»,- деп жазған болатын. Еуропа мен АҚШ саясатының зұлымдық пен зорлық-зомбылық жасау, қисынды қабылдамау және артық талап ету екеніне күмән тумайды. Екіжүзділікті Батыстың лаңкестік пен адам құқығы және ядролық тақырыпқа қатысты ұстанымдарынан байқауға болады.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің келесі бөлімінде  Сауд үкіметінің аймақтағы ең жаман, диктатор, зұлым, шіріген әрі тәуелді  үкімет екенін қуаттап: «Батыстықтар бұл үкіметтер үшін ядролық мүмкіндіктер мен зымыран шығаруға жағдай жасайтын орталықтардың бірі, өйткені саудиялық үкімет оларға тәуелді»,- деді.

Бұл фактілер зұлымдық пен қастықтың Еуропа мен АҚШ болмысының бір бөлігі екендігін көрсетеді.