Иран Сыртқы істер министрлігі Йеменге қарсы соғыстың төртінші жылы мәлімдеме жариялады
(last modified Tue, 26 Mar 2019 09:55:51 GMT )
Нау 26, 2019 15:55 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігі Йеменге қарсы соғыстың төртінші жылы мәлімдеме жариялады

Иран Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы басқарған коалиция күштерінің Йеменге қарсы соғыс бастауының жылдығында оны айыптап, Йемендегі соғыс пен қантөгісті тоқтатуды талап етті.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша мәлімдемеде: «Иран Сыртқы істер министрлігі Йемен халқына қарсы соғыстың төртінші жылы халықаралық ұйымдар мен басшылардың мойындауына сәйкес 22 миллион йемендіктің көмекке мұқтаждығын, 15 миллионнан астам адамның азық-түлік тапшылығымен бетпе-бет келіп отырғанын қуаттайды. ИИР өз саясаты негізінде Йемен дағдарысын шешу үшін атысты тоқтатып,  экономика саласына салынған әділетсіз эмбаргоны жойып, йемендік барлық топтар арасында саяси келіссөз жүргізуді қолдайтынын жариялайды»,- деп баса айтылған.