Иранның Мұнай министрі Ресейге іссапармен барады
(last modified Fri, 29 Mar 2019 17:46:44 GMT )
Нау 29, 2019 23:46 Asia/Almaty
  • Иранның Мұнай министрі Ресейге іссапармен барады

Иранның Мұнай министрі Иран мен Ресейдің энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастығы туралы келіссөздер өткізу үшін Мәскеуге іссапармен барады.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане Иран мен Ресейдің энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастығы туралы келіссөздер өткізу үшін  дүйсенбі күні, 1 сәуірде Мәскеуге барады.

Иран мен Ресей «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы орындалғаннан кейін мұнай кеніштерін дамыту туралы ең көп ынтымақтастық меморандумдарына қол қойды.

АҚШ үкіметі 2018 жылы мамырда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан біржақты негізде шыққаннан кейін  Иран мұнайын сату мен экспорттауға шектеу қоюмен қоса,  мұнай өнеркәсібін дамыту жобаларына инвестиция салуға да шектеу қойып, ИИР-ның мұнай-газ кеніштерін дамытуға және инвестиция салуға кедергі жасауға күш салып жатыр.