Селге ұшыраған халықтың мәселелерін жою үшін тиісті шаралар атқарылады
(last modified Wed, 03 Apr 2019 11:57:13 GMT )
Сәу 03, 2019 17:57 Asia/Almaty
  • Селге ұшыраған халықтың мәселелерін жою үшін тиісті шаралар атқарылады

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сейсенбі күні Иран Вице-президенті мен кейбір жауапты тұлғаларының қатысуымен өткен жиналыста атқарушы және әскери органдардың өкілдерінен селге ұшыраған өңірлердің жағдайы мен орындалған шаралар туралы есеп алды.

Аятолла Хаменеи жиналыста сөйлеген сөзінде: "Бірнеше облыста болған су тасқыны оқиғасынан халықтың жабыла көмектесіп, жұмыла кіріскен рухы мен ықыласы, әртүрлі бөлімдердің үйлесе қызмет етуі айқын байқалды. Алайда селге ұшыраған халықтың қиындықтары толық жойылғанға дейін барлық шешімдер мен тиісті шаралар байсалдылықпен жүзеге асырылуы тиіс. Көрсетілген қызметтер, органдар арасындағы үйлесімдік, жоғары лауазымды тұлғалар мен қолбасшылардың оқиға орындарында, сел апатына ұшыраған өңірлерде болуы  осы оқиғаның көңіл аударуға тұрарлық жайттарының қатарына жатады.

Сел сияқты апаттардың шығынынан бөлек туындайтын психологиялық зардаптардың салдарлары ұзақ мерзімді теріс әсерлерге ие. Сондықтан болашақта осындай оқиғалардан туындайтын шығындар мен зияндар өте төмен деңгейде болатындай жоспар құру керек",-деді.