Абуторабифард: Революция күш-қуатпен сионистік режимнің шекарасына жетті
https://itolqyn.com/news/iran-i41717-Абуторабифард_Революция_күш_қуатпен_сионистік_режимнің_шекарасына_жетті
Теһран жұма намазының имамы Абуторабифард: «Ислам революциясы өз негіздеріне табандылық танытып, күн сайын бар күш-қуатымен жаңа жетістіктерге жетіп, Иран шекарасынан асып, сионистік режимнің шекарасына дейін жетті»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 05, 2019 18:21 Asia/Almaty
  • Абуторабифард: Революция күш-қуатпен сионистік режимнің шекарасына жетті

Теһран жұма намазының имамы Абуторабифард: «Ислам революциясы өз негіздеріне табандылық танытып, күн сайын бар күш-қуатымен жаңа жетістіктерге жетіп, Иран шекарасынан асып, сионистік режимнің шекарасына дейін жетті»,- деді.

 

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Теһран жұма намазының имамы Сейед Мұхаммад Хасан Абуторабифард Иран халқының Ислам революциясының негіздеріне табандылықтарын жалғастырып отырғанына тоқталып: «Бұл тақырып – Ислам республикасы жүйесінің дамуы мен күшеюінің ең маңызды факторларының бірі. Бүгінде Исламның күш-қуаты мен Ирактың мұсылман халқының өзінің негізгі болмысына оралуы анық байқалып, халықтың шынайы өкілдерінің билікке араласуына жол ашты. Халықтың құзыры АҚШ Президенті Иракқа 7 триллион доллар қаржы жұмсағаннан кейін осы елдегі өз әскерилеріне түнделетіп, жасырын сапар шегуіне себеп болды. Қазіргі таңда Сирия, Ливан және Йемен халықтары билік басында өздерінің талап-тілектеріне сай саяси жүйелердің келуіне жағдай тудырды. Бұл – Ислам революциясының ең маңызды мақсаттарының бірі»,- деп баса айтты.