Лариджани: АҚШ – әлемдегі жауапсыз ел
(last modified Sat, 06 Apr 2019 12:02:51 GMT )
Сәу 06, 2019 18:02 Asia/Almaty
  • Лариджани: АҚШ – әлемдегі жауапсыз ел

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани АҚШ-тың экономикалық лаңкестік жасап жатқанын айтып, Американы жауапсыз ел деп атады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани сенбі күні АҚШ-тың халықаралық хаттамалардан, соның ішінде  "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен Париж климат келісімінен шыққанына тоқталып: "Бұл қатынас америкалықтардың ешбір принципке берік емес екенін көрсетеді",-деді.

Лариджани, сондай-ақ, америкалықтардың Иранның кейбір облыстарында болған су тасқыны мәселесіне қатысты теріс қатынасына тоқталып: "АҚШ басшыларының өте жиренішті қатынас көрсететіні соншалықты, тіпті Қызыл крест пен Қызыл жарты ай ұйымдары арқылы селге ұшырағандарға көмектесуге тосқауыл қойып отыр",-деді.