Зариф: Сақшылар корпусын лаңкес деп жариялау АҚШ үшін апатқа айналады
(last modified Mon, 08 Apr 2019 10:41:32 GMT )
Сәу 08, 2019 16:41 Asia/Almaty
  • Зариф: Сақшылар корпусын лаңкес деп жариялау АҚШ үшін апатқа айналады

Иран Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкес деп жариялау ықтималының Вашингтонның батпаққа батуына себеп болады деп атап, бұл шешімнің АҚШ үшін апатты болатынын қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхуды қолдайтын топтардың АҚШ-тың Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне енгізуге көндіргісі келетін талпыныстарына тоқталып, Твиттердегі парақшасында: «Егер АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл әрекетті іске асырса, Вашингтонды батпаққа батырады»,- деп жазды. Зарифтың жазуы бойынша,  сионистік режимнің премьер-министрін қолдап, біраздан бері Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне тіркеуге талпынушылар бұл әрекеттерінің аймақтағы АҚШ күштері үшін қандай салдарлары болатынынан толық хабардар.