Лариджани: АҚШ – әскери және экономикалық тұрғылардан халықаралық лаңкестіктің көрінісі
(last modified Tue, 09 Apr 2019 11:49:33 GMT )
Сәу 09, 2019 17:49 Asia/Almaty
  • Лариджани: АҚШ – әскери және экономикалық тұрғылардан халықаралық лаңкестіктің көрінісі

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасы АҚШ үкіметі мен сол елдің қарулы күштерін әскери және экономикалық тұрғылардан халықаралық лаңкестіктің көрінісі деп атады.

 

Majles ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әли Лариджани бүгін Мәжілістің ашық отырысында Сақшылар корпусының аймақтағы лаңкестерге қарсы тұрудағы рөлін қуаттап, Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкес деп атауды  АҚШ үкіметінің кекшілдігі мен надандығының тереңдігін көрсететінін айтты.

Лариджани АҚШ үкіметіне: «Пәкістанның бұрынғы Премьер-министрі Биназир Бутто ханымның «Ауғанстандағы лаңкестік топтарды құрған – АҚШ. Сондықтан осы күні АҚШ үкіметі лаңкестік топты құрып, оны қолдағаны үшін жауап беруі керек» деген сөзі естеріңізде қалмады ма?»,- деген сұрақ жолдады.

Иран Мәжілісінің өкілдері бүгінгі ашық отырыстарына үстеріне Сақшылар корпусы күштерінің киімін киіп қатысып, АҚШ-ты айыптап, «АҚШ-қа – өлім!» деген ұран айтты.