Сақшылар корпусын лаңкес деп атау – америкалықтардың дәрменсіздігінің белгісі
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасы өз мәлімдемесінде АҚШ үкіметінің Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне енгізген өрескел шарасын айыптап, оны АҚШ басшылары мен қылмыскер сионистердің дәрменсіздігінің белгісі деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, мәлімдемеде «Лаңкес армиясы елдердің заңдары мен халықаралық ережелерге құрмет көрсетпей, қай жерде қорғансыз халық көрсе, соны нысанаға алатын АҚШ-тың лаңкестікпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестікті қолдайтын топтар тізіміне енгізуі таңданыс тудырмайды» деп жазылған.
Осы мәлімдемеде Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасы Ислам революциясы Сақшылар корпусын Иран халқының революцияшыл сергек ойынан туындаған құрылым және әлемде жапа шеккендерді құтқарудың үлгісі деп атап, Сақшылар корпусының барлық салаларда белсенділік танытып жатқанына ризалық білдірді.