Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Fri, 12 Apr 2019 13:53:47 GMT )
Сәу 12, 2019 19:53 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының уақытша құтпагері АҚШ-тың бір елдің ресми ұйымы әрі әскери күші болып табылатын Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы жасаған жауластық сипаттағы ақылға сыймайтын шарасын халықаралық ережелерге қайшы деп атады.

Үстіне Ислам революциясы Сақшылар корпусының киіп шыққан аятолла Мохаммад Али Мовахеди Кермани Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпаларында АҚШ-тың Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне қосуын айыптап, АҚШ Президенті Дональд Трамптың бұл шарасы  Батыс Азия аймағының жағдайын ушықтыратынын айтты.

Аятолла Мовахеди Кермани әлемнің барлық халықтарының АҚШ-тың лаңкес тәрбиелеуші екенін білетінін айтып: "Әлемнің әртүрлі елдерінің АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы шарасына қарсылық білдіруі Вашингтонның бұл әрекетінің нәтижесіз болатынын көрсетті",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы жеңілістерінің Трамптың есін шығарғанын айтып: "Трамптың 2018 жылдың желтоқсан айында Иракқа жасырын баруы АҚШ-тың аймақта қадірі кетіп, қорлыққа ұшырағанын көрсетеді",-деді.