Иранның мигранттарға қызметі – әлемге үлгі
(last modified Fri, 12 Apr 2019 14:45:24 GMT )
Сәу 12, 2019 20:45 Asia/Almaty
  • Иранның мигранттарға қызметі – әлемге үлгі

БҰҰ-ның Мешхедтегі мигранттар ісі жөніндегі жоғары комиссариаты кеңсесінің басшысы: "Иранның босқындарға қызмет көрсету, олардың емделу мен оқуға қатысты күнделікті қиындықтарын шешу саласындағы саясаттары әлемде мысалға алуға болатын сәтті үлгі болып табылады",-деді.

Мулугата Зевди Мамов Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасан-е Разави облысында орналасқан Доғарон шекарасына сапардан кейін  Иранның өткен 40 жылда босқындарға көрсеткен қызметтеріне алғыс айтып: «Иран үкіметі босқындарды жақсы қабылдаумен қоса, қоғамда шетелдік азаматтардың дамуы мен ықпал етуі үшін жағдай жасады",-деді.

Иран үкіметі ақлақ пен исламдық мейірім мәселелеріне қатты көңіл бөлетіндіктен адамдарды бөліп-жарып қарамайды. Босқындарды, әсіресе ауған мигранттарды лайықты түрде қабылдауы – осының дәлелі. Иран 40 жылға жуық уақыт бойы шетелдік босқындарды қабылдап келеді. Ауған мигранттардың саны басқалардан көбірек.

Босқындардың Иранда болуы тек тыныштық саясындағы өмірмен шектелмейді. Ауған мигранттар Иранда оқу, білім алу, емделуге қатысты барлық мүмкіндікке ие. Бұл саладағы басты назар тек заңды жолмен келген ауған мигранттармен шектелмейді. Иранда заңсыз жүрген адамдар да әл-ауқат мүмкіндіктерін пайдаланады.   

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи 2015 жылдың көктемінде Иранда заңсыз жүрсе де, ауған балаларын оқыту қажеттігі туралы: "Ешбір ауған баласы, тіпті Иранда заңсыз, құжатсыз жүрген мигранттар оқудан қалып қоймауы керек. Олардың барлығы ирандық мектептерде тіркелуі тиіс",-деді.

Ислам революциясы жетекшісінің Иранда барлық ауған балаларының білім алуына бұйрық беруі – босқындарға қызмет көрсету саласындағы ең дамыған саясаттардың бірі. Бұл – әлемдік деңгейде теңдессіз, мақтан тұтарлық шара.  

Иранның ауған босқындарға қатысты саясаты – әлемдік деңгейде үлгі боларлық қатынас. БҰҰ мен мигранттар ісі жөніндегі ұйымдар бұған сан рет алғыс білдірді.

Босқындар Иран үкіметіне қосымша шығын әкеледі. Иранның ауған босқындарға берген мүмкіндіктер деңгейін ескерсек, бұл үкіметтің шығынын бірнеше есе арттырады. Осы арада БҰҰ-ның Мешхедтегі мигранттар ісі жөніндегі жоғары комиссариаты Иран үкіметіне көңіл бөліп, оған босқындардың қаражатын қамтамасыз етуге көмектесуі аса қажет.  

ИИР ислам тағылымдары негізінде исламдық адам құқығы мәселесіне айрықша көңіл бөлетіндіктен өзінің мектептері, университеттері мен ауруханаларының есігін босқындарға ашты. Ауған мигранттар Иран халқы сияқты әртүрлі деңгейдегі барлық мүмкіндікті қолданады. Ауған мигранттарға қызмет көрсетудің мұндай деңгейі олардың қоғамда дамып, жоғарылауына себеп болып, өз елдеріне қайтып оралғанда Ауғанстанды дамыту үдерісінде әсерлі рөл атқаруына септігін тигізеді.