Дивизия басшысы Жафари: Қарсыласу өзегіне қарсы шара тиімсіз
Иран ислам революциясы Сақшылары корпусының бас қолбасшысы, дивизия басшысы сардар Мұхаммад Әли Жафари бүгін сенбі күні Теһранда өткен рәсімде: "Аймақтағы исламдық қарсыласу өзегіне қарсы кез- келген шара жарамсыз.
Ислам революциясы дұшпандардың астыртын әрекетіне қарамастан ілгерілеп келеді. Үстемшіл жүйе шекараларда қоқан-лоққы арқылы исламдық қарсыласу майданына зардап тигізе алмаған кезде Ливан, Палестина, Сирия және Ирактағы соғыс тәрізді өзге шараларға кірісті. Үстемшіл жүйе исламдық қарсыласу өзегіне қарсы кез- келген шараның жарамсыз екенін білді. Сегіз жылдық қасиетті қорғаныс кезеңі үлкен илаһи бір әрекет болды. Осы үлкен ерлік аймақ пен әлем деңгейінде әлі жалғасуда" деді.
Иран ислам революциясы Сақшылары корпусының бас қолбасшысы Ирандағы бүгінгі қауіпсіздік пен тұрақтылықты шәһидтердің қанына қарыздар деп атап: "Иран осы уақытқа дейін көптеген қауіп- қатерлерді бастан өткерді. Сол шабуылдардан сақтандырушы фактор қарулы күштердің, әсіресе Сақшылар корпусының әзірлік күйі болды" деді.