Еуропалықтар "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттемелерді орындауды кешеуілдетіп отыр
Иран Сыртқы істер министрі Зариф еуропалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында белгіленген міндеттемелерді орындауда кешігіп жатқанын айтып, еуропалықтар Иран күтіп отырады деп ойламауы керек екендігін айтты.
Мұхаммад Джавад Зариф Еуропаның INSTAX-ты іске қосуын "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтауға бағытталған алғашқы қадам деп атап: "Өткен аптада Иранда бақылайтын механизм іске қосылды. Қазір еуропалықтарда жұмысты бастауды кешеуілдету үшін ешқандай сылтау жоқ",-деді.
Зариф АҚШ-тың Иранда селге ұшырағандарға ақшалай көмек жіберуге кедергі тудырғаны туралы: "Иранда әртүрлі елдердің банктерінің, тіпті еуропалық банктердің АҚШ-тың шараларына алаңдағандықтан Иранда селге ұшырағандар үшін гуманитарлық көмек қабылдаудан бас тартқанын көрсететін құжаттар бар",-деді.
Зариф халықаралық көмектердің қажеттілік мағынасында емес, әлемдік жанашырлық пен тілеулестік мағынасында екенін, әлемдік тілеулестіктің АҚШ-тың бүлдіргі әрі антигуманистік әрекеттері салдарынан кедергіге ұшырағанын айтты.