Сардар Фадави: АҚШ-тың ызасы – Иранның құдыретінің белгісі
https://itolqyn.com/news/iran-i41833-Сардар_Фадави_АҚШ_тың_ызасы_Иранның_құдыретінің_белгісі
Ислам революциясы Сақшылар корпусы қолбасшысының істерді үйлестіру жөніндегі орынбасары Әли Фадави АҚШ-тың жаңа қастандығының Ислам революциясы Сақшылар корпусы мен Ирандағы басқа ұйымдар арасындағы бірліктің артуына себеп болғанын қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 16, 2019 16:05 Asia/Almaty
  • Сардар Фадави: АҚШ-тың ызасы – Иранның құдыретінің белгісі

Ислам революциясы Сақшылар корпусы қолбасшысының істерді үйлестіру жөніндегі орынбасары Әли Фадави АҚШ-тың жаңа қастандығының Ислам революциясы Сақшылар корпусы мен Ирандағы басқа ұйымдар арасындағы бірліктің артуына себеп болғанын қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әли Фадави кеше дүйсенбі күні Теһранда өткен конференцияда: «АҚШ Мемлекеттік хатшысы дәрменсіздікке ұрынып, дұшпандығын жалғастырып, Иран ұшақтарының Венесуэлаға тікелей рейс жасауына ыза болып отыр. Бұл – ИИР құдыретінің белгісі. Ливан Хизболласының ондаған мың күші сионистік режимнің шекараларына жақын жерде орналасқан. Бұл америкалықтар үшін  ешқашан жағымды болмайды»,- деді.