Рухани: Сақшылар корпусын лаңкес деп атауы – АҚШ-тың айласы
ИИР Президенті АҚШ үкіметінің Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкес деп тану шарасын жиренішті әрекет санап, елдің Қарулы күштері мен Сақшылар корпусына құрметсіздік білдіруді Иран халқына құрметсіздік көрсеткенмен бірдей деп атады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани Теһранда Қарулы күштер күніне орай өткен рәсімде сөз сөйлеп: «Бүгінде АҚШ пен сионистік режим аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік, біртұтастық пен бауырластықтың сақталып, ұлттық мүдделердің қорғалуын қаламайды.
18 жылдан бері америкалықтар Ауғанстан, Ирак, Сирия, Ливан, Йемен мен басқа елдерге әскери тұрғыдан араласып, аймақ халықтарына қайғы-қасірет, бақытсыздық пен қирандылардан басқа ештеңе қалдырған жоқ.
АҚШ пен оның аймақтағы қолшоқпарлары мен сионистік режим аймақ халықтарының олардың Батыс Азия аймағындағы лаңкестерін жеңіп, басып алған өңірлерден қуып шыға алады деп ойламады.
ИИР үшін маңыздысы – аймақтағы елдердің тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің сақталып, лаңкестіктің жойылуы»,-деді.