Иран Президенті Пәкістан Премьер-министрін ресми қарсы алды
Сәу 22, 2019 16:34 Asia/Almaty
ИИР Президенті дүйсенбі күні Саадабад сарайында Пәкістан Премьер-министрін ресми қарсы алды.
Иран Президенті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл рәсім Иран мен Пәкістанның мемлекеттік әнұрандарымен басталып, ИИР Президенті Хасан Рухани мен Пәкістан Премьер-министрі Имран Хан құрметті қарауылдың парадынан өтіп, содан соң жоғары лауазымды делегацияны бір-біріне таныстырды.
Саяси, экономикалық және мәдени салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды тереңдету Рухани мен Имран Хан келіссөздерінің негізгі тақырыптары деп аталды.
Тегтер