Пәкістан Премьер-министрі имам Резаның (ғ.с.) кесенесіне зиярат жасады
https://itolqyn.com/news/iran-i41888
Пәкістан Премьер-министрі Иранға жасаған алғашқы сапарында сегізінші имам хазірет Әли бен Мұса әр-Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесін зиярат етті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 22, 2019 16:51 Asia/Almaty
  • Пәкістан Премьер-министрі имам Резаның (ғ.с.) кесенесіне зиярат жасады

Пәкістан Премьер-министрі Иранға жасаған алғашқы сапарында сегізінші имам хазірет Әли бен Мұса әр-Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесін зиярат етті.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Пәкістан Премьер-министрі Имран Хан  кеше қасиетті Мешхед қаласындағы шиіттер әлемінің сегізінші имамының қасиетті кесенесін зиярат еткен соң Құдс Разави орталығының басшысы Ахмад Марвимен кездесіп, Иран мен Пәкістан халықтары қарым-қатынастарының көрші елдер қарым-қатынастарынан жоғары, баурластық қатынас екеніне тоқталып, Пәкістан халқының Ислам революциясы мен Ислам революциясы жетекшісіне деген махаббатын екі мұсылман әрі іргелес елдің ынтымақтастықтарын кеңейту үшін қолайлы мұрсат деп атады. Пәкістан Премьер-министрі, сондай-ақ, Хоросан Разави облысының әкімі Әлиреза Размхосейнимен кездесуінде Ауғанстандағы қауіпсіздіктің орнатылуымен пәкістандық азаматтардың Ауғанстан арқылы Мешхедке сапар шегуіне мүмкіндік туатынына үміт білдірді.