Теһранда 32-ші Халықаралық кітап көрмесі ашылды
Бүгін, сейсенбі күні Теһранда имам Хомейни атындағы діни-мәдени орталықта 32-ші Халықаралық кітап көрмесі ашылды.
Теһрандағы 32-ші Халықаралық кітап көрмесінің басшысы Мохсен Джавади Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі, Қытай Мәдениет министрі мен әртүрлі елдердің елшілері мен мәдени өкілдерінің қатысуымен өткен көрменің ашылу рәсімінде кітап көрмесін Иран мен әлем халықтары арасындағы достықты нығайтатын фактор деп атады. Джавади 32-ші Халықаралық кітап көрмесінің «Оқу – қабілетті арттыру» тақырыбымен өтетініне тоқталып, 2400 ирандық және 800-ден астам шетелдік баспагердің бұл көрмеде өз кітаптарын ұсынатынын хабарлады.
Теһрандағы 32-ші Халықаралық кітап көрмесінің басшысы бұл көрменің арқасында үкіметтер мен халықтар арасындағы терең қарым-қатынастардың одан сайын нығая түсетінін қуаттап, Қытайдың Теһрандағы Халықаралық кітап көрмесіне қонақ ретінде қатысуын Жібек жолының кітап оқу арқылы жаңғыруының белгісі деп атады.