Моусави: Иран АҚШ-тың жеңілдіктері мен санкцияларына мән бермейді
(last modified Tue, 23 Apr 2019 09:48:54 GMT )
Сәу 23, 2019 15:48 Asia/Almaty
  • Моусави: Иран АҚШ-тың жеңілдіктері мен санкцияларына мән бермейді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сейед Аббас Моусави санкциялардың заңсыздығына тоқталып, ИИР-ның АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына жеңілдік беруіне осыған дейін мән бермегенін және келешекте де мән бермейтінін қуаттады.

Сейед Аббас Моусави Ақ үйдің Иран мұнайын сатып алушыларға берілген жеңілдіктердің уақытын созбайтыны туралы қоқан-лоққысына реакция білдіріп: «Санкциялардың теріс әсерлері, сондай-ақ, аталмыш жеңілдіктердің уақытын созбауы салдарларының арту ықтималына назар аударып, Иран Сыртқы істер министрлігі барлық жергілікті органдармен қатынаста болып, еуропалық, халықаралық және шекаралас шетелдік компаниялардың көбімен қарқынды келіссөздерін үзген жоқ. Жергілікті және шетелдік кеңесулер мен келіссөздердің нәтижелері шешім қабылдайтын жоғары органдарға жеткізілді. Жақын арада тиісті шешім қабылданып, жарияланады»,- деді.