Лариджани: Ирандықтар АҚШ-ты өкіндіреді
(last modified Sun, 28 Apr 2019 11:13:54 GMT )
Сәу 28, 2019 17:13 Asia/Almaty
  • Лариджани: Ирандықтар АҚШ-ты өкіндіреді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани ирандықтардың өз табандылығымен АҚШ басшыларын өкіндіретінін айтты.

Иран Телерадио бірлестігі  ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Әли Лариджани жексенбі күні Теһранда «1414 көкжиегіндегі ислам әлемінің болашағы» атты халықаралық форумда АҚШ Президентінің әрекеттеріне тоқталып: «Трамп жасап жатқан шаралары АҚШ-тың мүддесіне сай деп ойлайды, алайда оның қатынасы әлемнің көптеген  елдерінің АҚШ-қа сенімінің жоғалуына себеп болды»,-деді.  

Иран Мәжілісінің төрағасы АҚШ-тың кейбір халықаралық хаттамалардан, соның ішінде Париж келісімі, парниктік газдар, қоршаған орта келісімдері мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққанына тоқталып: «Өкінішке орай, Еуроодақ осы халықаралық хаттамаларды қорғауға және қолдауға қажет күш-қуатқа ие емес екенін көрсетті»,-деді.  

Лариджани АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу тақырыбы мен Иранның ядролық мәселесін АҚШ-тың халықаралық келісімдерге қатысты жауапсыздығының дәлелі деп атап: «Иран Еуропа елдерінен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен басқа да халықаралық хаттамаларға қатысты ешқандай сындарлы қатынас байқамады»,-деді.

Лариджани ислам елдері үшін ислам сотын құру идеясын өте орынды деп атап: «Ислам соты ислам елдері арасындағы саудаға да көмектесіп, олардың арасында саяси-құқықтық жақындықты арттыра алады»,-деді.