Ирандықтар Джон Болтонды тану үшін «The New Yorker» мақаласын оқуды қажет етпейді
(last modified Wed, 01 May 2019 09:28:14 GMT )
Maм 01, 2019 15:28 Asia/Almaty
  • Ирандықтар Джон Болтонды тану үшін «The New Yorker» мақаласын оқуды қажет етпейді

Иран Сыртқы істер министрі Зариф Твиттерде: «Ирандықтар АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонды тану үшін «The New Yorker» мақаласын оқуды қажет етпейді»,- деп жазды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттерде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон туралы: «Бұл күндері әлем бірте-бірте Бжон Болтонның соғысқұмарлығынан хабардар болып отыр. Бірақ, ирандықтар оны тану үшін «The New Yorker»-дің он мың сөзі бар мақаласын оқуды қажет етпейді. Болтон лаңкестік топтың біріне қолдау көрсетіп, ирандықтарға қарсы экономикалық лаңкестіктікті нысанаға алды»,- деді.

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Иран Сыртқы істер министрінің Вашингтонның соғыс талап етуі туралы сұхбатына реакция білдіріп, оны жарнама деп атаған болатын.