Зариф: АҚШ-пен бүгін-ертең соғыс болмайды
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Иран мен АҚШ арасында бүгін-ертең соғыс бола қоймайтынын, бірақ жазатайым оқиғаның әскери қақтығысқа айналып кетуі мүмкін екенін айтты.
Al-Alam ақпарат арнасының жұма күнгі хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Лондонда шығатын Independent газетіне берген сұхбатында Иран мен АҚШ текетіресіндегі кездейсоқ оқиғалар туралы түсіндіргенде кемелердің Ормуз бұғазынан өтуіне қатысты туындауы ықтимал қайшылықтарға тоқталды.
Зариф 2016 жылы Парсы шығанағы суларында бірнеше америкалық сарбаздың тұтқындалуын қақтығыс тудыруы мүмкін оқиғалардың қатарында атады.
Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ: «Ирандық және америкалық тұтқындармен алмасу үшін Теһран Иранда ұсталған америкалықтарды АҚШ пен тағы басқа жерлерде санкциялардан жалтарды деген айыппен ұсталған ирандықтармен алмастыруға әзір»,-деді.