Егер аймақта қақтығыс болса, ешкім аман қалмайды
https://itolqyn.com/news/iran-i42015
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Сауд Арабиясы мен БАӘ-не Вашингтонды Иранмен текетіреске итермелеп жатқаны үшін ескерту жасап, аймақта қақтығыс бола қалған жағдайда ешкімнің аман қалмайтынын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 05, 2019 14:19 Asia/Almaty
  • Егер аймақта қақтығыс болса, ешкім аман қалмайды

Иран Сыртқы істер министрі Зариф Сауд Арабиясы мен БАӘ-не Вашингтонды Иранмен текетіреске итермелеп жатқаны үшін ескерту жасап, аймақта қақтығыс бола қалған жағдайда ешкімнің аман қалмайтынын айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-тың lobelog ақпараттық-сараптамалық сайтына берген сұхбатында Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің АҚШ-қа Иран мұнайының орнын баса алатынын жариялағанына тоқталып: «Бұл шара экономикалық терроризмге атсалысу дегенді білдіреді»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Иран мен АҚШ арасында тұтқындармен алмасу туралы жасаған ұсынысына тоқталып: «Америкалықтар «Иран тұтқындарды босата алады» деп мәлімдеді. Бұл олардың тек өз талап-тілектерін көздеп отырғанын көрсетеді»,-деді.

Зариф, сондай-ақ, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен еуропалықтардың соған қатысты міндеттемелеріне тоқталып: «Еуропа осы келісімге қатысты міндеттемелерінің 10 пайыздан азын ғана орындады. Сондықтан Еуропа сөздің орнына өз міндеттемелерін іс жүзінде орындауы керек»,-деді.