"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бойынша тоқтатылған ядролық жұмыстардың бір бөлімі қайтадан басталады
Иран АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуына және еуропалық мемлекеттердің өз міндеттемелерін орындамауларына реакция білдіріп, бірінші қадамында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бойынша тоқтатылған ядролық жұмыстардың бір бөлімін қайтадан бастауды көздеуде.
Иран Сыртқы істер министрлігінің саяси істер жөніндегі орынбасары Сейед Аббас Арақчи: "ИИР-ның АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуына және еуропалық мемлекеттердің өз міндеттемелерін орындамауларына қатысты шешімі Американың аталмыш келісімнен шыққан күнінің жылдығы 8 мамырда жарияланады",- деп хабарлады. Арақчи осы кезде Теһранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шықпайтының қуаттап: "Иранның бағдарламалары "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы келісімінің 36 бабы бойынша жоспарланып, бұл келісімдегі Теһранның кейбір міндеттемелері азаяды",- деді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп 2018 жылдың 8 мамырында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы туралы жариялап, аталмыш келісім бойынша тоқтатылған санкцияларды 4-6 айдың ішінде қайтарды. АҚШ үкіметі сондай-ақ келесі әрекетінде Иран арасындағы ядролық ынтымақтастықтарға қатысты берілген жеңілдіктердің бір бөлімін қайта созбауы туралы жариялауымен бірге Вашингтонның Иранның бейбіт мақсатты ядролық жұмыстарына қарсы жаңа шектеулер енгізетіні туралы жариялады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтындағы мәлімдемеде: "4 мамырдан Бушер атом стансаны дамытуға қазіргі реактордан басқа жерден көмек көрсету санкцияларға тап болады. Сондай-ақ Иранда байытылған артық уранды шет елге шығарып, оның орнына табиғи уран алуға санкция салынады",- деп жазылды. АҚШ бұл мәлімдемесін шығарып, іс жүзінде ядролық келісімнен шықпаған мемлекеттердің артық ауыр суды тасымалдау, байытылған уранды уран тотығына айырбасту сынды міндеттемелерін іске асыру мен Ресейдің Бушер атом стансасын дамыту саласындағы ынтымақтастықтарына тыйым салды. Негізінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының баптары бойынша, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бақылауымен ядролық жұмыстармен айналысу Иранның заңды құқығы Қауіпсіздік кеңестің №2231 қарарымен расталды.
АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң Еуроодақ, Қытай мен Ресей келісімнің басқа мүшелері ретінде Ираннан АҚШ-тың жолын қайталамауды және барлық тараптардан Америкасыз аталмыш келісімді іске асыру жолды табуға талпынуға шақырды. Иран бұл сұранысты қабылдады. Иранның шарты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қарастылырған бұл елдің мүддесін қамтамасыз ету болды. Осыған орай Иран еуропалық үш мемлекет, атап айтқанда Британия, Франция және Германия SPV қаржы механизмін қолдануды ойластырды. Бірақ осы күнге дейін бұл механизмнің іске асуына қажет жағдай орнатылмады. Бұл мәселеге қатысты бүгін, сейсенбіде Брюссельде Иран мен аталмыш үш еуропалық мемлекет мамандарының отырысы өтеді.
Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи биылғы шамси жылының басында имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесіне жиналған халықтың алдында сөйлеген сөзінде Иран мен Еуропаның қаржы механизмінің бос сөз, ешбір мағнасының жоқ екенін қуаттаған болатын.