Алборз облысында обыр мен диабетке қарсы төрт дәрінің тұсаукесер рәсімі өтті
(last modified Wed, 08 May 2019 07:29:04 GMT )
Maм 08, 2019 13:29 Asia/Almaty
  • Алборз облысында обыр мен диабетке қарсы төрт дәрінің тұсаукесер рәсімі өтті

Теһранның батысындағы Алборз облысының Эштард қалашығында Иран Президентінің ғылым мен технология мәселелер жөніндегі орынбасары және бұл елдің Денсаулық министрінің қатысуымен обыр аурыуына қарсы екі және диабетке қарсы екі препараттың тұсаукесер рәсімі өтті.

 

«Хабар» ақпарат агенттігінің мәліметінше, фармацевтикалық «Дакфа» компаниясымен жасалып шығарылған бұл препараттар әлемнің замануи әрі ең қымбат дәрілері саналады. Иранда жасалған бұл дәрілер науқас адамдардағы шетелдік аналогтарының бағасынан арзандау ұсынылады.

Обыр ауруына қарсы екі препарат   бауыр, бүйрек және ішек  ісігін емдеу үшін қолданылады. Диабетке қарсы препараттар бұл ауруға шалдыққан адамның салмаған бақылауға алу  мен өлім қатерін төмендетуге көмектеседі.