Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Иранның металлургия саласына санкция салуына реакция білдірді
(last modified Fri, 10 May 2019 07:59:18 GMT )
Maм 10, 2019 13:59 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Иранның металлургия саласына санкция салуына реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың Иранның металлургия саласына санкция салуын айыптады.

 

 

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Сейед Аббас Моусави бейсенбі күні АҚШ-тың Иранның металлургия саласына санкция салу шешіміне тоқталып: «Бұл шешім халықаралық міндеттемелерге қайшы болды, сондықтан шығындарын өтеу АҚШ-тың мойынында. Иранның металлургия өнеркәсібіне санкция енгізуі АҚШ-тың басқа біржақты санкциялары сынды халықаралық негіздер мен халықаралық қатынас заңдарына, сондай-ақ БҰҰ Жарғысы, Алжир мәлімдемесі мен Халықаралық сот ережелеріне қайшы»,- деді.