Теһран жұма намазының имамы: Еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты мәселеде үлкен сынақпен бетпе-бет келді
Теһран жұма намазының имамы Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы кейбір міндеттемелерін тоқтатқанын еске салып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі, әлемдік қауымдастық және еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты мәселеде үлкен сынақпен бетпе-бет келгендері туралы қуаттады.
Теһран жұма намазының имамы Мұхаммад Джавад Ходжали Акбари Иран халқының үлгі болатындай бірлігімен дұшпандарды сәтсіздікке ұшырататтыны туралы қуаттап: «еуропалықтардың Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы кейбір міндеттемелерін тоқтау шешіміне ызыланулары Ислам республикасының өз халқының мүдделеріне жету саласындағы жолының дұрыс екендігіг білдіреді»,- деді. Ходжали Акбари АҚШ пен сионистік режим басқарға әлемдік үстемшілердің құлдырауын қуаттап: «Әлемдік күш-қуат қарсыласу ағымының қолында және дүниежүзінде қарсыласу ойлары таралды»,- деп қосты. Теһран жұма намазының имамы сионистік режимнің АҚШ-тың ең үлкен серіктесі ретінде қарсыласу ағымының қоршауына алынуына сілтеме жасап: «Қарсыласу ағымының сионистік режимнің қылмыстарына қатаң зымырандық жауабы бұл заңсыз режимнің 48 сағатқа жетпей сәтсіздікке ұшырайтынын көрсетті»,- деп баса айтты.