Иран мен Ауғанстан халықтарының қарым-қатынастары шекаралас елдер қарым-қатынастарынан жақындау
https://itolqyn.com/news/iran-i42095
Құдс Разави орталығының басшысы Иран мен Ауғанстан халықтары арасындағы қарым-қатынасты шекаралас елдер қарым-қатынастарынан жақындау, ағайындық деп тапты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 13, 2019 17:04 Asia/Almaty
  • Иран мен Ауғанстан халықтарының қарым-қатынастары шекаралас елдер қарым-қатынастарынан жақындау

Құдс Разави орталығының басшысы Иран мен Ауғанстан халықтары арасындағы қарым-қатынасты шекаралас елдер қарым-қатынастарынан жақындау, ағайындық деп тапты.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ахмад Марви Сирияда ДАИШ-ке қарсы күреске қатысқан "Фатемиун" тобы шәһидтері отбасылары, бірқатар ғұлама, ұстаздар, діни шәкірттер, сондай-ақ ауғандық мәдени, қоғамдық және ақпарат белсенділерімен кездесуінде: "Ирандықтар әрқашан Ауғанстан халқын қиындыққа төзімді, сабыр және қанағатшыл халық деп таныды. Расында ауғандар сабыр әрі қанағатшыл халық, бірақ еш уақытта басып-жаншуды қабылдамады және ешбір басқыншы Ауғанстанда қала алмады. ИИР бұл қарсыласуда ауған бауырларыңың қасында болды, келешекте де қасында болады",- деді. Ахмад Марви ауған босқындарды қолдау гуманитарлық және діни міндет екенін қуаттап: "Бұл саладағы Ислам революциясы жетекшісінің ауғандық оқушыларды мектептерге тіркеу  маңызды шешімі іс жүзіндегі амалдың үлгісі болды",- деп қосты.