Рухани: АҚШ Иран халқын бағындыра алмайды
ИИР Президенті сейсенбі күні жүйе басшыларының Ислам революциясы жетекшісімен кездесуінде АҚШ-тың Иран халқын бағындыра алмайтынын қуаттады.
Иран Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Хасан Рухани АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары мен қысымдарына тоқталып: «Америкалықтар бірнеше айда Иранның ұлы халқын бағындыра алады деген қате ойларымен бұл мәселе үшін күнің белгілеп отыр, бірақ Иран халқы өз табандылығы және қарсыласуымен ИИР тарихына алтын күндер мен сағаттарды тіркейді»,- деді. Иран Президенті діни жетекші, халық пен үкімет және Мәжілістің дұшпанның сәтсіздікке ұшырауына себеп болғандарына тоқталып: «Бүгін әр дұшпан зорлық-зомбылық пен лаңкестік жасағысы келеді: таңертең әскери кемесін жібереді және кешке телефоның береді. Ирандықтарда олардың көптеген телефон нөмірлері бар. Иран халқына қылмыс жасаған әр күні – олардың шынайы телефон нөмірлері»,- деп қосты.
Рухани Иранның 8 мамырда еуропалықтарға «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін іске асыру үшін 60 күн уақыт бергенін еске салып: «Егер еуропалықтар бұл кезеңде өз міндеттемелерін орындамаса, Иран аталмыш келісімдегі келесі екі міндеттемесін орындаудан бас тартады»,- деді.