Хасан Рухани: Өркениеттер диалогы – Иранның ұлы халқының көзқарасы мен идеясы
Maм 20, 2019 12:23 Asia/Almaty
ИИР Президенті өркениеттер диалогын Иранның ұлы халқының көзқарасы мен идеясы деп атады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хасан Рухани Теһранда студенттер және жастармен кездесуінде БҰҰ Бас ассамблеясында екі қарарды өз халқының мүддесіне бекіте алған елдердің аз екенін қуаттап: «Бұл қарарлардың бірі «Жаһандық келісім және өзара әрекеттесу, өркениеттер диалогы» және екіншісі «Зорлық-зомбылық пен экстремизмнен ада әлем құру» тақырыптарына байланысты болды. Бұл қарарлар Иран тарапынан ұсынылып, Иранның атымен тіркелді. Иран халқының дұшпандарының бұл ел ұсынған әрі БҰҰ Бас ассамблеясымен бекітілген екі қарарына қарсылық білдіруге батылы жетпеді»,- деді.
Тегтер