Иран Сыртқы істер министрі: Теһран Вашингтонмен келіссөздер жүргізбейді
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табандылығын білдіріп, Иранға құрмет көрсетпегенше, Теһранның Вашингтонмен келіссөздер жүргізбейтінін қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф америкалық CNN арнасына берген сұхбатында Иранның АҚш Президенті Дональд Трамп үкіметімен келіссөздер жүргізбейтіні туралы мәлімдеді. Зариф АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы түрткі әрекеттеріне ескерту жасап: «АҚШ аймақтағы әскери белсенділігін арттырып, өте қатерлі ойынды бастады»,- деді. Ол АҚШ-тың «USS Abraham Lincoln» кемесі мен бомбалаушы ұшағының Батыс Азия аймағына енулерін сынап: «Бір кішкентай аймақта мұндай әскери бірліктің орналасуы оқиғаларға себеп болуы мүмкін»,- деп қосты.