Рухани: Иран халқы дұшпандарды өкіндіреді
ИИР Президенті өз елі халқының дұшпандарды тағы экономикалық соғыста өкіндіретінін қуаттады.
Хасан Рухани Теһранда жанкештерді марапаттайтын 12-ші Ұлттық конгресте: «Иран халқы дұшпанға қарсы ғиззатымен табандылық көрсетуде. Дұшпандар қысым жасап, Иран халқын ғиззаты мен тәуелсіздігінен айырғысы келеді. Бірақ халық олардың қастықтарының нәтижеге жетпейтіндерін және дұшпандарды бұл жолы да өкіндіретінін көрсетті»,- деді. Рухани бір жылдан астам уақыт бойы жасалып отырған қатаң санкциялар мен көптеген қиындықтарға қарамастан халықтың тізе бүкпей, табандылық пен қарсыласуын білдіруіне тоқталып: «Иран елі мен халқы бағынбайды, жанкештілігі және бірлігімен дұшпанды жеңеді»,- деп қосты.
ИИР Президенті сондай-ақ Хорамшаһрдің қасиетті қорғаныстың үлкен көрінісі және Иран халқының тарихы мен ұлттық ғиззатының белгісі екенін қуаттап: «Хорамшаһр жеңіске жетіп, 19000 ирактық әскери мен офицер тұтқынға алынды»,- деді.