АҚШ санкциялары әлемдік тәртіпті бұзады
ИИР Сыртқы істер министрі: «АҚШ санкциялары әлемдік тәртіпті нысанаға алды»,- деді.
Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі кешке Пәкістан астанасы Исламабадқа келіп түскен кезінде журналистердің алдында аймақтың қиын жағдайы туралы көршілес елдердің кеңесулерін қажет деп тауып: «Егер АҚШ санкцияларының алдына тосқауыл қойылмаса, әлемдік қоғам қиындықтарға шырмалады»,- деді.
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иран мен Қытайға қарсы санкциялар енгізу әрекеттеріне тоқталып: «Егер әлемдік қоғам бұл әрекеттердің жалғасуына рұқсат етсе, әлемнің қарым-қатынас тәртібі ешбір заңды орындамайтын адамдардың қолына түседі. Сондықтан Иранға шекаралас және басқа мемлекеттер әлемдік қауіпсіздік пен өз мүдделерін қорғау үшін АҚШ санкцияларына қарсыласуға міндетті»,- деп баса айтты.