Тахтраванчи: Трамптың сөздері - Иран халқына қарсы дұшпандылықтың көрінісі
БҰҰ-дағы Иранның өкілі: «АҚШ Президентінің Иран туралы бір-біріне қайшы сөздері - Иран халқына деген дұшпандылығының анық белгісі»,- деді.
Маджид Тахтраванчи АҚШ Президентінің бейсенбі күні Иранды тағы лаңкес деп атауына: «Бұл ұстаным Иран үшін жаңалық емес. Өйткені Иран халқы бұл ұстанымды АҚШ-тың залым санкцияларының жалғасы және Иран халқына деген дұшпандылықтың келесі анық белгісі деп санайды. АҚШ Президентінің сөздері оның Иранның бірнеше ғасырлық тарихынан хабарсыз екенін және бұл елдің халқын танымағанын көрсетеді. Иран – лаңкестіктің ең үлкен құрбаны. Сондай-ақ аймақтағы лаңкестіктің ең қуатты дұшпаны. Өткен жылдардағы ДАИШ және басқа лаңкестік топтардың жойылуы бұл саладағы Иранның әрекеттерінің нәтижесі»,- деп жауап қайтарды.
АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбіде Ақ үйде Иран халқына тіл тигізіп, бұл халықты лаңкес деп атап: «АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы Иранды экономикалық дағдарысқа тіреді»,- деп жариялады.