Рухани: Иран міндетті түрде АҚШ-пен күрес майданының жеңімпазы болады
Maм 26, 2019 13:01 Asia/Almaty
ИИР Президенті сенбі күні кешке отандық ақпарат құралдары өкілдерінің бір тобымен кездесуінде АҚШ-тың исламдық Иранға қарсы саяси-экономикалық қысымдарына тоқталып: "Иран халқы ешқашан қысымдарға тізе бүкпеген, бас имейді де",-деді.
ИИР Президенті әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани АҚШ-тың Иранды тізе бүктіре алмайтынын айтып: "ИИР АҚШ-пен күрес майданының жеңімпазы болмақ",-деді.
ИИР Президенті, сондай-ақ, АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан заңсыз шыққанына тоқталып: "Бүгінде әлемнің барлық елдері мен халықаралық ұйымдар АҚШ-ты осы келісімнен шыққаны үшін жазғырады",-деді.
Тегтер