Діни үлгілер халықты Құдс күнінің шеруіне жаппай қатысуға шақырды
(last modified Thu, 30 May 2019 08:58:05 GMT )
Maм 30, 2019 14:58 Asia/Almaty
  • Діни үлгілер халықты Құдс күнінің шеруіне жаппай қатысуға шақырды

Құмдағы ірі діни үлгілер аятолла Насер Макарем Ширази, аятолла Хосейн Нури Хамадани, аятолла Джафар Собхани мен аятолла Мұхаммадәли Алави Горгани баршаны Құдс күнгі шеруге жаппай қатысуға шақырды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, аятолла Макарем Ширази Құдс күнін ұлықтаудың маңыздылығына тоқталып: «ИИР‑дің негізін қалаушы имам Хомейни (р.) Рамазан айының соңғы жұмасын Құдс күні деп атау арқылы осы тарихи әділетсіздікті жадымызда жаңартты»,‑деді.

Аятолла Нури Хамадани биылғы Дүниежүзілік Құдс күнінің басқа кезден маңыздырақ екенін айтып: «Әлемдік үстемшілдер Палестинаны бөліп, сионистік режимнің орнын нығайтуды көздеп отыр. Сондықтан Дүниежүзілік Құдс күнінің шеруіне бар күш‑қуатымызбен жұмыла қатысуымыз керек»,‑деді.

Аятолла Собхани қасиетті Құдстың мұсылмандардың алғашқы құбыласы екенін айтып: «Сионистер «Ғасыр мәмілесі» арқылы мұсылмандардың алғашқы құбыласын иемденіп алғысы келеді. Алайда мұсылмандар бұған қарсы тұрып, мәмілені бұзуы керек»,‑деді.

Аятолла Алави Горганидің жолдауында: «Халық Құдс күнінің шеруіне жаппай қатысу арқылы сионистік режимге жиренішін білдіріп, әлемге Палестинаның жапа шеккен мұсылман халқын қолдайтынын көрсетеді»,‑делінген.