Жетекші көзқарасы: Иранның АҚШ-қа қысым жасау тетіктері тиімділігін көрсетті
Ислам революциясының жетекшісі Иранның АҚШ-пен мүлде келіссөз жүргізбейтінін қайталап: "АҚШ-пен келіссөз жүргізбеудің себебі мынада: біріншіден, мұның ешқандай пайдасы жоқ, екіншіден, зияны болады",-деді.
Хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Рамазан айында университет пен ғылыми орталықтардың мұғалімдері мен ғылыми кеңестердің мүшелерімен кездесуінде: "Америкалықтар әдетте өз мақсаттарына жету үшін бір стратегия мен бір тактика қолданады. Олардың стратегиясы – қарсы тарапты қалжырату үшін қысым жасау. Содан соң өз талап-тілегіне жету үшін келіссөзді қысымды толықтырушы шара ретінде қолданады",-деді.
АҚШ-тың Иранға қарсы қысымдарының жаңа кезеңі қоқан-лоққы жасап, психологиялық соғыс жүргізу қалыбында АҚШ басшыларының күн тәртібіне қойылды. Бұл саясат АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына бір жыл толғанда (2019 жылдың 8 мамыры) өзінің шарықтау шегіне жетті. АҚШ Президенті Дональд Трамп қарама-қайшы ұстанымдар білдіріп, Иранға қарсы қысымдардың стратегиялық аясын айқындауға және содан соң келіссөз тактикасы арқылы өз мақсатына жетуге күш салды.
ИИР өзінің әртүрлі қысым тетіктерін пайдаланып, АҚШ-пен ойын алаңына шықпайтынын көрсетті. Алғашқы қадамда бұл қысым құралдары саяси сипатта болды. Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясындағы екі міндеттемесін орындаудан бас тартты.
Иран үкіметі мұнымен бір мезгілде еуропалықтарға АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанынан туындаған шығындардың орнын толтыруға 60 күндік мұрсат берді. Егер осы аралықта еуропалықтар ештеңе істемесе, Иран осы бағдарлама аясында басқа қысым тетігін пайдалантын болады. Бұл тетіктер қажет болған жағдай көбейе түседі.
Ислам революциясының жетекшісі Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерінің азайғанына тоқталып: "Егер қысым тетігі уақытында қолданылмаса, қарсы тарап шығынға ұшырамайтынын білгендіктен тақырыпты қарастыруды асықпай жалғастыратын болады. Ал егер қысым құралы қолданылса, шара атқару туралы ойлайтын болады",-деді.
"Монитор" газеті интернет сайтының жазуынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қысым жасауды жалғастыру оны келіссөз үстеліне әкеліп, қазіргі жағдайға қарамай, ядролық келісімде қалдырады деген қате пікірді ұстанып отыр, ал Иран үкіметі уақыт белгілеу арқылы Трамптың осы теориясын бұзды.
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков сәрсенбі күні Теһранда: "Егер америкалықтар ИИР-ды тізе бүгуге көндіре аламыз деп ойласа, қатты қателеседі",-деді.
ИИР-ның қисынды ойластырылған саясаты АҚШ-тың барынша қысым жасау саясатын бұзды. Бұл ел басшыларының Иранға қатысты ұстанымдарының Вашингтоннан Токиоға дейін күнделікті өзгеруін осы аяда мағыналауға болады.
Иранның саяси және әскери басшыларының айтуынша, Теһран өзін кез келген жағдайға дайын санайды, бірақ соғысқа кіріскісі келмейді. Ислам революциясының 40 жылдық тарихы Иранның ешқашан АҚШ-тың барынша қысымына тізе бүкпейтінін көрсетті. Осындай жағдайда барынша қысымның артынан келетін келіссөз түрінен хабардар Иран ешқашан АҚШ-пен келіссөз жүргізу принципін қабылдамайды.