Рухани: Теһран-Душанбе қарым-қатынасы одан ары кеңеюі тиіс
ИИР Президенті Иран мен Тәжікстанның мәдени, тарихи, әдеби және діни байланыстарына тоқталып: «Теһран-Душанбе қарым-қатынасы екі елдің мүдделеріне сай достықты тереңдету мақсатында одан ары кеңеюі тиіс»,-деді.
Хасан Рухани сенбі күні Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен кездесуінде Иранның әрдайым Тәжікстанда тұрақтылық пен қауіпсіздік толық сақталып, даму мен кемелдену болып, өзара ынтымақтастықтың нығаюын қалайтынын айтып: «Теһран инженерлік-техникалық қызметтер көрсету және тәжірибемен алмасу арқылы Тәжікстандағы жобаларды орындауға көбірек қатысуға дайын»,-деп еске салды.
Иран Президенті тауар транзиттеу үшін Чабаһар айлағын дамыту қажеттігін қуаттап: «Иран Тәжікстанның тауарлары үшін ең жақсы әрі қауіпсіз транзиттік жол бола алады»,-деді.
Сироджиддин Мухриддин де осы кездесуде Тәжікстанның Чабаһар айлағының артықшылықтарын пайдалануды қалайтынын және транзит саласында әріптестік жасап, ирандық компаниялар мен мамандардың инженерлік-техникалық қызметтер, әсіресе энергетика мен инфрақұрылым салаларындағы тәжірибелерін қолдануға мүдделі екенін жеткізді.