Рухани: Иран ешқашан шектен тыс талап ететін зорлықшыл алпауыттарға тізе бүкпейді
ИИР Президенті сенбі күні кешке ирандықтардың ешқашан шектен тыс талап ететін зорлықшыл алпауыттарға тізе бүкпейтінін айтып: «Иран халқы келіссөз өткізу бұйрығының берілуін емес, қисынмен әрекет етіп, өзара құрметпен келіссөз үстеліне келуді қалайды»,-деді.
ИИР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани елдің ұлттық спортшылары және жүлдегерлерімен кездесуінде АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары мен қысымдарына тоқталып: «Америкалықтар қате есептеулер жасап, бірнеше айдың ішінде Иранның ұлы халқын тізе бүктіреміз деп ойлады, бірақ Иран халқы табанды қарсылық танытып, дұшпанды біртіндеп кері шегіндірді»,-деді.
ИИР Президенті АҚШ-тың Иранды тізе бүктіре алмайтынын қуаттап: «ИИР-дің күрес майданында дұшпанды жеңетіні анық»,-деді.