Зариф: Иран мен АҚШ келіссөздері екіталай
(last modified Mon, 03 Jun 2019 07:18:25 GMT )
Маусым 03, 2019 13:18 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран мен АҚШ келіссөздері екіталай

Иран Сыртқы істер министрі Иран мен АҚШ келіссөздерін екіталай деп білді.

Мұхаммад Джавад Зариф жексенбіде ABC News арнасы жүргізушісі Марта Раддацке берген сұхбатында: «АҚШ-пен келіссөздер жүргізу негізінде Иранға қарсы қысымдарды жалғастыру»,- деді. Зариф АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын экономикалық лаңкестік деп атап: «АҚШ санкциялары Иранның қарапайым халқын нысанаға алды. Өйткені азық-түлік пен дәрі-дәрмекке санкция салынбағанымен, оларға қатысты қаржы операцияларға санкциялардан босатылмады»,- деп қосты.

Иран Сыртқы істер министрі: «Егер АҚШ Президентінің мақсаты Иран халқына қысым көрсету болса, бұл мақсатына жетті. Бірақ Дональд Трамп Иран халқына қысым көрсету арқылы өзінің саяси мақсаттарына жетпейді»,- деді.