Әлем халықтары Имам Хомейнидің (р.) ойы мен жолына күннен күнге көбірек көңіл бөлуде
Ислам революциясының жетекшісі сейсенбі күні Имам Хомейни (р.) кесенесінде халықтың әртүрлі топтары қатысқан салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Имам Хомейнидің (р.) теңдессіз тартымдылығының құпиясы мен мәңгіге жалғасар жолын Құдай берген тұлғалық қырларына байланысты деп айтып,
имамның халық пен жауапты тұлғаларға берген үлкен дәрісі ретіндегі «қарсыласу мен табандылықтың қисынды жолының» көлемі мен тармақтарын түсіндіріп: «Осы ой мен жол халықтарды күннен күнге көбірек өзіне тартып жатыр»,-деді.
Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Имам Хомейнидің (р.) қайтыс болғанына 30 жыл толған күні өткен халықтың салтанатты жиыны және Иран халқының Дүниежүзілік Құдс күні ауқымды шеруге қатысуын Имам Хомейнидің (р.) ойы мен жолының тартымдылығының әлі де жалғасып жатқанының айқын белгілері деп атап: «Құдс күні әлемнің 100-ден аса елінде арнайы рәсімдер мен шеру өтті. Имам Хомейнидің (р.) Құдс күнін белгілегеніне 40 жыл өтсе де, оның тартымдылығы мен ықпалы соншалықты, халықтарды әлі күнге дейін қозғалысқа ынталандырады »,-деді.
Хазірет аятолла Хаменеи халықтардың Имам Хомейнидің (р.) жолын, яғни қарсыласуды қолдау себебін осы жолдың болмыстық тартымдылығы деп атап: «Бұл үдерісте ИИР ешбір халықты күштеген емес. 100-ден аса елде Құдс күнінің шерулері мен рәсімдерінің өткізілуі де сол халықтардың қалауы және таңдауымен орын алды»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі «қарсыласуды» Батыс Азиядағы барлық халықтар қабылдайтын ортақ сөз деп атап: «Әрине, кейбіреулер майданға шығудан жасқанады, бірақ көптеген адамдар ашық күресіп жатыр»,-деп еске салды.
Хазірет аятолла Хаменеи, сондай-ақ, АҚШ-тың экономикалық құлдырауын және бұл елдің әлем экономикасына әсерінің қатты төмендегенін көрсететін ресми статистикаға тоқталып: «Саяси салада да АҚШ-тың абыройы төмендеді. Дональд Трампта бар қасиеттерге ие адамды таңдау – АҚШ-тың саяси құлдырауының айқын нышаны»,-деп еске салды.
Ислам революциясының жетекшісі АҚШ үкіметінің сионистік режимнің басып алған жерлердегі қылмыстарын қолдауы, бірнеше елдің Йемендегі қылмыстары мен қорғансыз халықты қырып-жоюын қолдауын оның ақлақтық құлдырауының нышандарының бірі деп атап: «Әлеуметтік салада да АҚШ көптеген қиындыққа ұшырап отыр. Соның ішінде бұл елде қылмыс пен адам өлтіру, аштық, нашақорлық пен қатігездік деңгейі жоғары. Мұндай жағдайда АҚШ Президенті сырттай Иран халқына жанашырлық білдіріп, оларға бақыт тілейді. Негізі оған қолынан келсе, өз елінің қиындықтарын шешсін деп айту керек»,-деп еске салды.