Жетекші көзқарасы: Қарсыласу – дұшпанды жеңудің кілті
(last modified Wed, 05 Jun 2019 11:14:17 GMT )
Маусым 05, 2019 17:14 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: Қарсыласу – дұшпанды жеңудің кілті

Ислам революциясының жетекшісі Иран халқы мен жауапты тұлғаларының АҚШ Президентінің саяси ойынына алданбайтынын айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи сейсенбі күні имам Хомейнидің (р.) кесенесінде ИИР-дің негізін қалаушының қайтыс болғанына 30 жыл толуына орай жиналған жұрт алдында сөйлеген сөзінде дұшпандарда әртүрлі айла-шарғылардың барын, кейде қорқытып, кейде арандататынын айтып: «Америкалықтарға жақындауға жол бермеу керек. Олардың қадамы құтты емес. Олар аяқ басқан жерде соғыс, қырып-жою, жікшілдік, қанаушылық, отаршылдық пен қорлық болды»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі қарсыласу ойы мен жолының тиімділігі туралы: «Қарсыласу мен табандылықтың шығыны да бар. Бірақ тізе бүгудің шығыны қарсыласудың шығынан әлдеқайда көп»,-деді.

Иран халқының қырағылығы мен қарсыласуы Ислам революциясын 40 жыл бойы абырой-айбынмен сақтап, бесінші онжылдыққа аяқ басқызды. ИИР-дің негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) ойы мен жолынан бастау алған бұл қарсыласу бүгінде тежейтін күш болар деңгейге жетті. Иран АҚШ-тың максималды қысымына табанды түрде қарсы тұрып, дұшпанды кері шегіндірді.  

ИИР-ның қарсыласуы әрдайым дұшпандардың саясаты мен қастандықтарын залалсыздандырып келеді. Ислам революциясының 40 жылдық тарихына шолу жасағанда мұның үлгілерін көптеп көруге болады. Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін басталған Иранмен жауластық осы ел халқының қисынды діни қарсыласуынан бастау алды.

Иран халқының АҚШ-тың қоқан-лоққыларына қисынды және принципті қарсыласуы осы ел басшыларын Иранға қатысты ұстанымдарын өзгертуге мәжбүрледі.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, санкциялар салу арқылы Иран халқына қоқан-лоққы жасаған АҚШ Президенті Дональд Трамп үкіметінің саяси-әскери командасы бүгінде басқа сарынға көшті. Бұл қарсыласу жолының әсерлі болғанын көрсетеді.  

Иран халқы түбегейлі қарсыласу арқылы ғылым, саясат, экономика, әскери-қорғаныс салаларында маңызды жетістіктерге қол жеткізді. АҚШ-тың Иран халқымен жауластығының тамыры бұл елдің тәуелсіздігін сақтап, қол жеткізген жетістіктерінде жатыр. Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, қарсыласу ойы – бір ұлттың ең қуатты қаруы.

Бүгінде бір елдің географиялық аясынан асып түскен Иран халқының қарсыласуы имам Хомейнидің (р.) қарсыласу ойының тиімді әрі қисынды екенін және азаттық пен тәуелсіздікті қалайтын басқа халықтардың қолдауына ие екенін көрсетеді.

Осы салада хазірет аятолла Хаменеи қарсыласу ойының негізін қалау, осы жолда айбынмен қырағы әрекет ету және мақсатты жоғалтып алмауды имам Хомейнидің (р.) халық пен жауапты тұлғаларға берген мәңгіге қалар дәрісі деп атап: «Бұл абыройлы жол біртіндеп Иранның шекараларынан асып, тарала түсуде»,-деп еске салды.