Зариф: ИИР АҚШ-ты қажет етпейді
(last modified Mon, 10 Jun 2019 07:58:38 GMT )
Маусым 10, 2019 13:58 Asia/Almaty
  • Зариф: ИИР АҚШ-ты қажет етпейді

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық лаңкестігін тоқтату қажеттілігін қуаттап: «Теһран АҚШ-ты қажет етпес түгіл, бұл елмен қатынас орнатуды көздемейді»,- деді.

Мәжіліс баспасөз қызметінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф жексенбіде Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының отырысына қатысқаны туралы тоқталып: «АҚШ Иранға әлемнің басқа елдерімен қарым-қатынас орнатуына кедергі болмауы керек,  одан басқа жұмыс жасауы қажет емес. Халықаралық қоғамдық пікір мен халық АҚШ үгіт-насихаттарын Вашингтонның әрекеттеріне сай бағалайды»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ «Ғасыр мәмілесі» АҚШ-тың сәтсіздікке ұшыраған саясатының жобасы екенін қуаттап: «Вашингтонның саясаты - мүмкіндікке қарай көптеген қысым көрсету. Сондықтан АҚШ үкіметінің келіссөз туралы сөздері тек қойылымның бір түрі»,- деп қосты.