Ирандық жүзуші әйелдің есімі Гиннестің кітабына тіркелді
(last modified Mon, 10 Jun 2019 08:22:32 GMT )
Маусым 10, 2019 14:22 Asia/Almaty
  • Ирандық жүзуші әйелдің есімі Гиннестің кітабына тіркелді

Ирандық жүзуші әйелдің есімі Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, 35 жастағы ирандық жүзуші әйел Илһам Садат Асғари ағымдағы 2019 жылы 5500 метрді байланған қолмен жұзу рекордқа жетіп, өз есімін екінші рет Гиннестің рекордтар кітабына тіркей алды. Илһам Садат Асғари   2017 жылы әлем бойында  4200 метрді байланған қолмен жұзу рекордқа жетіп, өз есімін Гиннестің рекордтар кітабына енгізген болатын. Исламдық хиджабы бар бұл әйелдің жаңа рекордының тіркелуі мақтан тұтатын жәйт. Осыдан біраз уақыт бұрын бұл рекорд Біріккен Араб Әмірлігінде тіркеліп, Гиннес кітабына тіркелуі туралы құжатты тапсыру рәсім Теһранда өтті.