Иран Мәжілісі АҚШ-тағы адам құқығының кеңінен бұзылуын мәлімдеді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясы өз мәлімдемесінде АҚШ-тағы адам құқығының кеңінен бұзылуы туралы хабарлады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, бүгін, дүйсенбіде Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінде қырағат етілген бұл мәлімдемеде: «Қаруды азат тасымалдау мен америкалық азаматтардың өмір сүру құқығын бұзу, шамамен 1600 америкалық бала мен жасөспірімнің қарумен өлтірілуі, АҚШ полициясының халықтың, әсіресе қара нәсілділердің құқыларың бұзуы, әйелдер құқыларының бұзылуы, америкалық айыпкерлердің өлім жазаларын адамгершілікке жатпайтын әдістермен іске асыру, діни азсандылар, әсіресе мұсылмандарға кемсітушілік білдіру, ақпарат құралдар мен босқындар құқыларын бұзу АҚШ-тағы ішкі деңгейдегі адам құқығы бұзылуының мысалдары. АҚШ-тың лаңкестікті қолдауы, басқа елдердің ішкі істеріне араласуы, басқа мемлекеттерге қарсы санкциялар енгізуі, тәуелсіз елдерге қысым көрсетуі, өз одақтастарының, әсіресе саудиялық режим мен сионистік режимнің адам құқыларын бұзуларына немқұрайдылық білдіруі мен АҚШ-тың сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарын қоладу АҚШ-тың халықаралық деңгейдегі адам құқығын бұзу жәйттері болып табылады»,- деп айтылды.