Зариф: Трамптың экономикалық соғысы - барлық қайшылықтардың себебі
Иран Сыртқы істер министрі Твиттердегі парақшасында Теһрандағы Германия Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен кездесуіне тоқталып: «Иран аймақ мемлекеттерімен келіссөздер жүргізуді қолдайды. Бірақ Трамптың экономикалық соғысы барлық қайшылықтардың себебі болуда»,- деп жазды.
Мұхаммад Джавад Зариф: «Теһран Германияның «Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалудан экономикалық пайда көретініне сендіру үшін іс жүзінде әрекеттену керек» деген мойындауларын қолдайды»,- деп қосты.
Дүйсенбі күні таңертең ИИР-ның басшыларымен кездесіп, пікір алмасу үшін Теһранға келген Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас ирандық әріптесімен кездесіп, қазіргі қайшылықтарды шешу үшін аймақ елдері арасындағы келіссөздердің қажеттілігін қуаттады.